2017 жылы ақылы болатын жолдар
2017 жылы ақылы болатын жолдар
2016 жылы «Астана-Щучинск» ақылы жолында жиналған қаржының көлемі 1 млрд. 251 млн. теңгені құрады.
«2017 жылдың екінші жартысында «Алматы-Қапшағай және «Астана-Теміртау» екі учаскесінде ақылы жүйені енгізу жоспарланып отыр», – деп атап өтілген компания хабарламасында.
«ҚазАвтоЖол» ҰК» АҚ-ның 2016 жылға арналған қорытындысы мәліметінде республикалық маңыздағы автожолдарда жол-көлік оқиғаларының төмендегені атап өтілген. 2013 жылмен салыстырғанда ЖКО саны 12 пайызға азайып, сәйкесінше өлім-жітім де 16 пайызға төмендеді. 2015 жылға қарағанда, өткен жылы ЖКО деңгейі 9 пайызға кеміді.