Моторы түсіп қалыпты
Моторы түсіп қалыпты
Рахаң «Запорожец» машинасын сатып алып, әйелі Әлсияны мінгізіп Шуға тартып отырса керек. Жолда өзі ескілеу машина өшіп қалыпты. Машинадан хабары аздау Рақаң багажникті ашып: – Әлсия-ау, машинаның моторы түсіп қалыпты, – дейді. – Ойбай, енді қайттік, – депті әйелі. Сонда машинаның артқы жағындағы капотын ашып: – Ой, Әлсия, мұнда артық моторы бар екен, жақсы болды, – деген екен.
Төреқұл Әлханұлы.
Ақсу ауылы, Шу ауданы.