Денсаулық

Қоқыс өңдеу технологиясын жасауға 24 млн теңге грант бөлінді

Қоқыс өңдеу технологиясын жасауға 24 млн теңге грант бөлінді

«Технологиялық даму жөніндегі ұлттық агенттігі» АҚ-ы «ЭкоПромТехнолоджи» ЖШС-ға коксохимия өндірісінің техногендік қоқыстарын өңдеу жөнінде қондырғының өнеркәсіптік үлгісін жасауға  24 млн теңге грант ұсынды.

Ақпаратқа сүйенсек, технологияны металлургия және құрылыс өндірісінде де қолдануға болады, деп жазады «Интерфакс-Қазақстан.

«Қоқыс өңдеудің әзірленген технологиясы көпжылғы ғылыми зерттеудің нәтижесінде синтезделген.  Жоба әлеуметтік сипатқа ие, өйткені жоғары білікті мамандардың жаңа жұмыс орындарын ашуға бағытталған. Өңделетін өнім тұтастай экспортқа жөнелтіледі», – деп атап өтті «ЭкоПромТехнолоджи» директоры Залифа Гараева.

Залифа Гараеваның келтірген дерегі бойынша, технологиялық шешімді негізінен ERG, «АрселорМиталл Теміртау», «Шұбаркөл Көмір» компаниялары қолданбақшы.

«Өңделген қоқыстан пайда болған өнімді негізгі тұтынушы  ағылшынның «BSSB» компаниясы. Ол алдын ала жасалған ынтымақтастық бойынша жылына  40 мың тонна өнім алуға дайын отыр», – дейді Гараева.