Отандық дәрігерлер бүйректегі тасты алудың жаңа әдісін енгізді
Отандық дәрігерлер бүйректегі тасты алудың жаңа әдісін енгізді
№2 Ақмола облыстық ауруханасының уролог дәрігерлері жоғары технологиялық медициналық қызметтің тағы бір түрін - перкутанды (тері арқылы) нефролитотрипсияны табысты енгізді.
Перкутанды нефролитотрипсия бүйректегі тасты алудың алтын стандарты саналады. Бұл бүйректен ірі және маржандай тасты алудың шағын инвазивті ең тиімді әрі қауіпсіз тәсілі.
Бұл әдістің тиімділігі сол – бүйректен тасты алу белдің тұсында тесіктер тесу және түтікше өткізу арқылы жасалады, науқастың денесін тілу талап етілмейді.
Бүгінгі таңда №2 Ақмола облыстық аурухананың урология бөлімшесінде жоғары технологиялық медициналық қызметтердің келесі түрлері енгізілген: толық нефректомия, лапароскопиялық пластика несеп жолы сегментінің лоханы, Политано летбеттера әдісі бойынша модифицикацияланған уретероцистонеостомия, Блохин бойынша қосымша антирефлюкс механизмі, уретраны қалпына келтіру.
Сондай-ақ осы күні аталған №2 Ақмола облыстық ауруханасында уролог дәрігерлер лапароскопиялық нефрэктомия отасын жасап жатыр. Лапароскопиялық нефрэктомия – бұл бүйректің тіліксіз толық алынып тасталуы. Қазіргі уақытта лапароскопиялық нефрэктомия бүйрекке жиі жасалатын ота түрі. Бүйректің бұл жолмен тұтас алынуына себептер өте көп, оның ішінде ең жиі кездесетін себептер - бүйректің ісінуі, бүйрек функциясының толық бұзылуы, соның салдарынан бүйректің ауырсынуы және қабынуы. №2 Ақмола облыстық ауруханасының базасына енгізілген отаның бұл түрі облыста алғаш рет жасалып отыр. Отаны аурухананың жоғары санатты уролог дәрігерлері Т.Мұратов, Е.Ысқаков, Б.Қасымов, У.Жапаров, А.Мұхамежданұлы жасайды.
ақпарат көзі: Baq.kz