Елбасы эстафета алауын жақты
Елбасы эстафета алауын жақты
Нұрсұлтан Назарбаев 2017 жылғы 28-ші Дүниежүзілік қысқы Универсиада алауын жағу рәсіміне қатысты. Мемлекет басшысы Универсиада еліміздің тәуелсіздігі тарихында халықтың бірлігін нығайтуға ықпал ететін спорт саласындағы ең ірі оқиға болып саналатынын айтты. – Атқарылған жұмыстардың бәрін жастар үшін жасадық. Универсиаданың әлеуметтік инфрақұрылымы, спорт нысандары бізге ұзақ жыл бойы қызмет ететін болады, – деді Қазақстан Президенті. Нұрсұлтан Назарбаев еліміздің ұлттық құрамасына қазақстандықтардың қолдау көрсететініне, сондай-ақ, 2017 жылғы Универсиада шын мәнінде бүкілхалықтық мерекеге айналатынына сенім білдірді. Соңында Елбасы спортшыларға алдағы жарыстарда табыс және жарқын жеңістер тіледі.