Денсаулық

Әділбек Ниязымбетов Қазақстан құрамасының жаңа капитаны атанды

Әділбек Ниязымбетов Қазақстан құрамасының жаңа капитаны атанды

Бокстан Қазақстан құрамасының жаңа капитаны белгілі болды.

Мырзағали Айтжанов бастаған Қазақстан құрамасының бапкерлер штабы ақылдаса келе мұндай жоғары мәртебені Олимпиада ойындарының екі дүркін күміс жүлдегері Әділбек Ниязымбетовке беруді ұйғарды.

Бұған дейін құрама капитаны міндетін Данияр Елеусінов атқарып келген. Ол Рио Олимпиадасынан кейін кәсіпқой боксқа ауысқандықтан, енді бұл міндетті маңғыстаулық боксшы Әділбек Ниязымбетов атқарады.

Айта кетейік, Әділбек Ниязымбетов – Қазақстанның еңбек сіңірген спорт шебері, Құрмет орденінің иегері. Бакуде өткен әуесқой бокстан әлем чемпионатының күміс жүлдегері. Жартылай ауыр салмақта (81 келіде) 2012 жылғы Лондонда өткен жазғы Олимпиада ойындарының күміс жүлдегері. Жартылай ауыр салмақта (81 келіде) 2016 жылғы Рио-де-Жанейрода өткен жазғы Олимпиада ойындарының күміс жүлдегері.

ақпарат көзі: Baq.kz