Денсаулық

ЭКСПО-ға ең көп қонақ қай елдерден келеді?

ЭКСПО-ға ең көп қонақ қай елдерден келеді?

Елорданың Кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармасы мен Инвестицияларды дамыту басқармасы жүргізген талдауға сәйкес, ЭКСПО-2017 халықаралық мамандандырылған көрмесіне 2,5 млн тұрақты қонақ келеді, ал тіркеу досьесі бойынша 5 млн турист келеді деп күтілуде.

Шетелдік туристердің дені Қытайдан, ТМД және Еуропа елдерінен келеді. Саяхатшылардың жалпы санының 88%-ын Қазақстан азаматтары құрамақ.

Жоспарланған келушілердің санын ескере отырып, қала билігі қонақтар қалайтын аспаздықтарды есептеу бойынша кешенді жұмыс жүргізді. Мысалы, 2,5 мыңға жуық қонақ шығыс және еуропалық елдердің тағамдарын таңдайтын болады.

Түркия мен Таяу Шығыстан ат басын бұратын 48 мың мейман шығыс аспаздығын қаласа, 41 мың турист еуропалық тағамдарды таңдайды.

Жүргізілген талдау көрсетіп отырғандай, қазіргі уақытта қоғамдық тамақтану орындарының 45% еуропалық тағамдарды даярлайды, 43% шығыс, 10% Азия мемлекеттерінің, 2% Америка құрлығының аспаздықтарына жататын тағамдар ұсынады, бұл көрмеге келушілердің таңдауларын қанағаттандыруға жетерлік көлем.

Сонымен бірге, азық-түлік өнімдерін іркіліссіз жеткізу мақсатында көтерме жабдықтаушылармен, ретейлермен, өңірлердегі ауыл шаруашылық тауарларын өндірушілермен меморандумдарға қол қою бойынша жұмыс жүргізілуде, кейін ол келісімдер қоғамдық тамақтану орындарымен контрактацияланады.

Баға саясатын тұрақтандыру үшін сауда желілерін қолдау тетігі әзірленді.

ақпарат көзі. Baq.kz