«Тар жол, тайғақ кешу» романының жазылғанына 90 жыл
«Тар жол, тайғақ кешу» романының жазылғанына 90 жыл
С.Сейфуллиннің Қызылорда Халық ағарту институтының ректоры қызметін атқарғанына биыл - 90 жыл толды.
С.Сейфуллин 1927 жылы Қызылорда Халық ағарту институтының ректоры болып тағайындалды. Бұл мекеме қазіргі Ғылым академиясымен деңгейлес еді. Белгілі сәкентанушы Т.Кәкішев өзінің зерттеуінде бұл кезеңді былай деп сипаттайды:
Қызылорда жері С.Сейфуллиннің негізгі қызметімен қоса шығармашылық жолын шыңдауға шабыт берген мекен болды. Белгілі «Көкшетау» поэмасының соңғы тарауларын осы жерде жазған. 1927 жылы «Тар жол тайғақ кешу» романы, «Жер қазғандар» повесі, 1928 жылдың бас кезінде «Тұрмыс толқынында» атты өлеңдер жинағы шықты. Қызылорда жерінде шаңырақ көтеріп, отау құрды. Гүлбаһрам апай өзінің естелігінде:
Қызылордаға келгеннен кейінгі отбасылық өмірі былай суреттеледі:
Осы естелікте атап кеткен «Тар жол, тайғақ кешу» тарихи-мемуарлық романының баспадан шыққанына биыл 90 жыл, оқиғасына 100 жыл толып отыр. Осы атаулы датаға байланысты, романның текстологиялық талдауы жасалып, қомақты ұжымдық еңбек шығару жоспарланып отыр.
С.Сейфуллинді толғандырған көп мәселелердің бірі де, бірегейі қазақ әдебиетінің мәселесі, оқулықтың жетіспеушілігі. Жазылған әдебиеттердің көркемдік жайы, қоғамдағы өзектілігі болатын. Осы мәселе жөнінде, келесі деректен көз жеткізуге болады; білім саласын басқарған 1922-1928 жылдарда біраз еңбектердің баспадан шығуына өзі ұйтқы болды. Қазақ әдебиетіне байланысты оқулықтарды, оқу әдістемелік құралдар жасау барысында үлкен еңбек етті. Омбы мұрағатынан алынған мына құжатта С.Сейфуллиннің жетекшілігімен баспадан шыққан оқулықтар деген тізім көрсетілген. Атап айтсақ, тізімде Ахмет Байтұрсыновтың «Қырғыз әлипбиін үйренудегі әдістемелік нұсқа», «Әліпби», 1 және 5 басым, «Тіл құрал» 1-бөлім(фонетика), 2 бөлім (этимология), 3 бөлім (синтаксис) оқулығынан бастап, М.Әуезов «Қорғансыздың күні», «Еңлік-кебек», Ж.Аймауытов «Балқия», М.Жұмабаев «Педагогика» 1-басылым, Струминский «Ағарту саласына арналған» тағы басқа авторлар еңбектері енген. Бұл еңбектер оқу-ағарту саласын дамытуда қосқан үлесінің бір мысалы ғана. Тізіммен толық және басқа да ғылыми еңбектері жайлы Астана қаласындағы С.Сейфуллин музейінің педагогика залынан және музей қорынан табуға болады. 1929 жылы «Еңбекші қазақ» газетіне (қазіргі «Егемен Қазақстан» газеті) қазақ халқының ауыз және жазба әдебиеті үлгілерін жинауға қол ұшын беру жөнінде халыққа жолдау жібереді. Жиналған материалдар нәтижесінде, Қызылорда қаласында С.Сейфуллин, І.Жансүгіров, Ә.Мәметова, Б.Майлин авторлығымен «Әдебиет тану оқу құралы» атты 5 сынып оқушыларына арналған оқулық-хрестоматия жарық көреді. Оқулық алты бөлімнен тұрды. 30 мың дана болып шықты. Қызылорда қаласының облыстық мұрағатында сақталған Қызылорда халық ағарту институтының педагогикалық кеңесінің хаттамаларынан, С.Сейфуллиннің институтты қалыптастырудағы еңбегі, мұғалімдер іріктеп, тәрбиелеудегі жұмсаған күш жігері, қосқан үлесіне көз жеткізе аламыз. Халқының болашағы үшін жасаған еңбектерін атап, кейінгі жастарға үлгі ету біздің міндетіміз. Мына сурет музей қорынан алынған. Назар аударсаңыздар, С.Сейфулллиннің қасында Ахмет Байтұрсынұлы отыр. Арнайы Сәкеннің шақыртуымен келіп сабақ берген деген дерек бар.
ақпарат көзі: Baq.kz