Әлеумет

Бояу – ақылдыны сәнді қылады, ақылсызды жынды қылады

Бояу – ақылдыны сәнді қылады, ақылсызды жынды қылады

«Ажарың ашық екен атқан таңдай, нұрлы екен екі көзің жаққан шамдай» деген өлең жолдары жаратылысы нәзік қыз баланың тал бойындағы сұлулықты паш етіп тұрғандай. Жер шарында әсемдікке құштар емес жан жоқ. Табиғат пен арулардың сұлулығын бір-біріне теңеп, таңдай қағып, тамсанатынымыз да, сондықтан. Алайда, бүгінде сол бір қоспасыз әдемілікті көрудің өзі мұң болып бара ма, қалай? Жасанды кірпік, nar_resnic1_1_kursyтырнақ жапсырған, қасын қырып, боятқан қыз-келіншектер жасарып, жайнай түсудің орнына бала күнімізде өлердей қорқатын, «жалмауыз кемпірге» айналып жатқандай көрінеді кей-кейде. effektnyy-obraz-s-pomoschyu Иә, қазір қыз-келіншектер бірі қолынан келгенше үйінде боянып, әрленсе, қалтасы қалың, екі қолын алдына сыйғыза алмай шалқыған әпке-жеңгелеріміз арнайы мамандар шақырып, сұлулық салондарына барып, әлекке түсіп жатқаны. Бүгінде қаламыздың өзінде 100-ге тарта сән салоны бар. «Dolce Vita», «Гауһар», «BoMand», «Ninel», «Шолпы» айта берсеңіз қалың қалтаңызды тақыр қылатын сұлулық салондары жетерлік. Сонда барып, табиғи қалпына көңілі толмайтын әпкелеріміз өсіру үшін емес алу үшін берілетін тырнақтың өзін сояудай қылып жабыстырып алады. img_1b8c0c267bf122096c97ebeҚарапайым тырнақтардың құны 1000 теңгеден басталып, 5000 теңгеге дейін барады екен. Ол ол ма, қасты теруді қойып, енді қырып, қарлығаштың қанатындай қылып суретін салып қоятын болдық. Суреттің құны да шарықтап тұр. Қолынан бал тамған мамандар өз еңбегін 8000-нан жоғары бағалайды. Міне, бүгінгі «сұлулықтың» жайы осындай. Жон арқасына шыбық тисе, ойбайға басатын жеңгелеріміз ернін инемен тескенге шыдайтын болған.1450260932 «Сұлулық құрбандықты қажет етеді» деген ұранды ұстанып алса керек. Көзін ботаның көзіндей бақырайтып, найзадай кірпік жапсырту үшін 5-10000 теңгесін қиып бере салады. Бет-әлпетіңізді толық әрлетудің құны – 2000-нан басталып 10000-ға дейін барады. Қысқасы, қазір «Бетім қисық» деп айнаға өкпелейтін заман емес, жалпақ танауды кішірейтіп, беттегі қып-қызыл дақтарды ыдыратып, секпілді кетіріп, әжімді әдемілеп тартып беретін қызмет орындары көп-ақ. Соған қарай, айқайға қиқу қосып жүргендер жетіп артылады. Өйткені, құрбыларынан қалмауы керек! Ал жасанды дүниенің уақыт өте келе жанды жараға айналар деп ешкім ойланып жатқан жоқ. Бармақ тістеп қалмас үшін, құрбандыққа бармас бұрын жеті рет өлшеп, бір рет кескен жөн-ау.

Фариза АЙТБЕК,

"Ақ жол".