Ресми түрде әскерде. Дмитрий Баландин мен Нижат Рахимов әскери ант қабылдады
Ресми түрде әскерде. Дмитрий Баландин мен Нижат Рахимов әскери ант қабылдады
Рио-де-Жанейро Олимпиадасының жеңімпаздары Дмитрий Баландин мен Нижат Рахимов Алматыда әскери ант қабылдады.
Спортшылар маңызды шараға жіті дайындалған. Әскер қатарына жаңа қабылданған сарбаздар сап түзеуді және жүруді үйренген. Баландин мен Рахимов бұл рәсімді елеулі оқиға деп атады.
"Уайым болды, тіпті бір-екі сөзді ұмытып қалдым. Барлығы да мұндай сезімді бастан өткерген шығар. Бізді "Динамо" спорт қоғамынан шақыртты және тәртібіміз жеңілірек болады әрі спортпен шұғылдана аламыз", - деді Дмитрий Баландин.
Жүзуден Олимпиада чемпионының ант беру рәсімінде уайымы білініп тұрса, ауыратлет Нижат Рахимов бұдан да қатты уайымдаған. Ол әр сөзді нақты айтып, ерекше сезіммен қол қойғанын жеткізді.
"Әрбір ер адам борышын өтеуі керек, қорықпауы керек. Ұлттық ұланда қызмет етуді армандағанмын", - деді Рахимов.
Шақыру қағазы Олимпиада алдында келіпті, енді олар Астананың әскери бөлімінде қызмет атқаруы тиіс екен. Келесі жарыстарға қатысу үшін спортшыларға бұл кедергі болмайтыны айтылады.
ақпарат көзі: tengrinews.kz