Денсаулық

Қытайда бір жылда 17 млн сәби дүниеге келді

Қытайда бір жылда 17 млн сәби дүниеге келді

Қытай халқының саны 2016 жылдың соңында 1 млрд 382 млн 271 мың адамға жетті. Бұл 2015 жылғы көрсеткіштен 8 млн адамға артық.

Халық санына қатысты деректерді ҚХР-дың Мемлекеттік статистика басқармасы жариялаған.

Сянган (Гонконг) және Аомэнь (Макао), Тайванның арнайы әкімшілік аудандарының тұрғындары, сондай-ақ шетелдегі қытайлар есепке алынған жоқ. Баяндамада айтылғандай, былтыр елде 17,8 млн сәби дүние есігін ашқан, ал халықтың табиғи өсімі 5,86%-ды құрады.

16-дан 60 жасқа дейінгі еңбекке қабілетті халықтың саны 907,47 млн адамды құрады, бұл жалпы халықтың 65,6%-ы.

Соңғы жылдары Қытай халқы тез қартайып барады. Осыған байланысты ел билігі 2013 жылы «бір отбасы – бір бала» саясатын қайта қарастырды. Жаңа ережелерге сәйкес, енді ерлі-зайыптыларға екінші бала сүюге рұқсат етіліп отыр.

Соңғы деректерге көз жүгіртсек, қазіргі таңда Қытайда 60 жастан асқан 230 млн-нан аса адам тұрады. Бұл ел халқының 16,7%-ын құрайды екен.

Сонымен қатар, аспан асты елінде гендерлік диспропорция проблемасы да бар. 2016 жылдың соңында ер адамдар саны 708,15 млн, ал әйелдер саны 674,56 млн болды.

ақпарат көзі: Baq.kz