Денсаулық

Қытайлық робот-журналист бір секундтың ішінде бір мақала жазып тастады

Қытайлық робот-журналист бір секундтың ішінде бір мақала жазып тастады

Қытайлық Сяо Нань есімді роботтың мақаласы Southern Metropolis Daily газетінде жарық көрді. Онда қытайлық Жаңа жыл мерекесін тойлау туралы жазылған.

Пекин университетінің профессоры, робот құрастыру командасының жетекшісі Ван Сяоцзынның айтуынша, электронды тілші қысқа ақпараттарды да, ұзақ мақалаларды да жаза алады екен.

“Әдеттегі тілшімен салыстырғанда Сяо Нань оқиғаны жылдам сараптап, тым қысқа уақыттың ішінде мақала жаза алады. Бірақ бұл, роботтар жақын арада журналистерді толықтай алмастырады деген сөз емес”, – дейді маман.

Себебі, роботтар қазіргі таңда адамнан сұхбат алып, сондай-ақ, мақалада нақты қай мәселеге басымдық түсіру керек екенін білмейді. Әйтседе, профессор робот жұмысы журналистика үшін қосымша көмек керек деген пікірін білдірді.

ақпарат көзі: stan.kz