Денсаулық

Универсиада жеңiмпаздары 4,9 млн теңгеге ие болады

Универсиада жеңiмпаздары 4,9 млн теңгеге ие болады

Ел үкiметi Алматыда өтетiн бүкiләлемдiк қысқы Универсиада ойындарының жеңiмпаздары мен жүлдегерлерiне сыйақы бекiттi.

Қысқы Универсиадаға бiздiң елiмiзден 168 спортшы қатысады, оларды 65 жаттықтырушы дайындап жатыр.

Бүкiләлемдiк қысқы Универсиада ойындарының басталуына 12 күн қалды. Дүбiрлi дода Алматы қаласында 29 қаңтар мен 8 ақпан аралығында өтедi.

Айта кетейiк, Қазақстан тәуелсiздiк жылдары 12 бүкiләлемдiк Универсиадаға қатысып, 44 медаль жеңiп алды.

ақпарат көзі: Baq.kz