Денсаулық

Боксшы Біржан Жақыпов қызметке тағайындалды

Боксшы Біржан Жақыпов қызметке тағайындалды

Бокстан 2013 жылғы әлем чемпионы, Біржан Жақыпов Шымкент қалалық бокс мектебі директорының орынбасары қызметіне тағайындалды.

Үш бірдей Олимпиада ойындарына қатысқан боксшы енді шәкірт тәрбиелеуді жоспарлап отыр. Жаңа жылдың басында Жақыповқа осындай қызмет ұсынған екен. Біржан көп ойланбай, жұмысына кірісіп кетіпті.

Айта кетейік, Біржан Жақыпов 48 және 49 келіде ұзақ жылдар бойы еліміздің №1 боксшы болып, ұлттық құрамада өнер көрсетті. Бейжің, Лондон, Рио Олимпиадаларына қатысты. 2013 жылы Алматыда әлем чемпионы атанды. Азия ойындарының екі дүркін күміс жүлдегері, әлем кубогының қола жүлдегері, ҚР Президенті кубогының, Таиланд королі кубогының, «Химиктер кубогының» (кіші әлем чемпионаты) жеңімпазы.

ақпарат көзі: Baq.kz