Денсаулық

"Астана Арланс" клубына жаңа капитан келді

"Астана Арланс" клубына жаңа капитан келді

Осыған дейін Қазақстан құрамасында 52 келі салмақ дәрежесінде өнер көрсеткен боксшы Олжас Саттыбаев "Астана Арланс" клубының жаңа капитаны болды.

Айта кетейік, Олжас Саттыбаев Рио-де-Жанейродағы Олимпиада ойындарына қатысқан болатын. Бірақ 1/8 финалда Саттыбаев Рауф оглы Мамишзадеден жеңіліп қалды. Сондай-ақ, Олимпиада ойындарынан кейін Саттыбаевтың ұлттық команданың құрамасынан кететіні хабарланған еді.

Енді қазақстандық "Астана Арланс" клубы кезекті турнирді Қытай, Өзбекстан және Ресей командаларының спортшыларымен өткізеді. Сонымен қатар, Риодағы Олимпиада ойындарының күміс жүлдегері Василий Левиттің қазақстандық клубтың құрамында өнер  көрсетуді жалғастыруы мүмкін екені айтылады.

ақпарат көзі: tengrinews.kz