Шахандықтарға көмек көрсету қорына 71 млн теңге түскен
Шахандықтарға көмек көрсету қорына 71 млн теңге түскен
Қарағанды облысында Шахандағы оқиғадан зардап шеккендерге қаражат жинау үшін арнайы қор құрылған болатын. Бүгінгі күнге дейін қор есебіне 71 млн теңге түскен.
«Бұл бүгінгі күнгі ақпарат. Сағат сайын көрсеткіш артып отыр. 12 қаңтар күні жалпы қаражат 71 млн 892 мың 260 теңге болды. Ооның 13 млн 387 мың 573 теңгесі жұмсалды. Ал есепте 58 млн 534 мың 687 теңге қалды», деді қорға жауапты мамандар. Бұл жиналған қаражатқа пәтері жөндеуге келмейтін шахандықтарға үй сатып алу жоспарланған. Әкімдіктің ақпаратына сенсек, қазір 14 адамға пәтер қажет екен.
Естеріңізге сала кетсек, Шахан қаласында 2017 жылдың 1 қаңтарында көпқабатты тұрғын үйдің бір бөлігі құлағап, 9 адам қаза тапқан болатын.
ақпарат көзі: egemen.kz