Денсаулық

Алматыда алғаш рет бел омыртқаға инновациялық әдіспен операция жасалды

Алматыда алғаш рет бел омыртқаға инновациялық әдіспен операция жасалды

Алматыдағы №4 қалалық клиникалық аурухананың дәрігерлері алғаш рет бел омыртқаға транспедикулярлы бекіту операциясын инновациялық әдіспен жасауды бастады. Енді нейрохирургтар сынған омыртқаны емдеу кезінде компьютерлік навигацияның көмегіне жүгінеді. Бұған дейін дәрігерлер мұндай операцияларды рентген суретіне қарап істеп келген. Сапалы жасалу үшін науқас бірнеше рет рентгенге түсірілетін. Ал компьютерлік навигатор бел омыртқаға арнайы бұрандаларды 100% дәлдікпен бекітуге мүмкіндік береді. Сондай-ақ рентген санын анағұрлым азайтады. Мейрамбек Жұмағұлов, №4 қалалық клиникалық аурухананың бас дәрігерінің хирургия жөніндегі орынбасарының міндетін атқарушы: - Бұл компьютерлік навигациямен басқа да операцияларды жасауға болады. Ол – тізе буынын алмастыру. Онда эндопротездің компоненттерін дәлдікпен, компьютерлік дәлдікпен қойылады да, оның қызметі, жұмыс істеуі жақсарады.

ақпарат көзі:  24.kz