Денсаулық

Ел бақытын - өз бақытым деген Ер

Ел бақытын - өз бақытым деген Ер

c0e214eb++4fb71bf81d4d854cae1b021aТұманбай МОЛДАҒАЛИЕВ,Қазақстанның халық жазушысы.

      О, әлеумет, әділетті болайық, Әлеуметке әділ болмау – сол айып. Сөйлемесе талай қазақ қазақша, Дәл сол үшін кінәлі емес – Қонаев. Өткен өтті, енді ақылға салайық, Заңын айтқыш заманада бар айып. Болсын – деді, болсын – деді қазаққа Болмасын – деп, ойлаған жоқ – Қонаев. Тарих ана керексізін өшірер Несібесіз жетім дейді несіне ел. Қайда жүрсе, қазағы боп жүреді ол, Қазағы боп өмір сүрді есіл ер. Тұрды бір кез бұлт бүркемей аспанды, Мәпеледі ол жас талды, жастарды. Оның тойы тарқаған жоқ, жолдастар, Оның тойы жаңа ғана басталды. Шақырайық кешегісін, бүгінін, Қаңтардан да естиік бір гүл үнін. Көңілімізде көптен жүрген шырқалмай Жырымыздың ағытайық тығынын. Ауыр-ауыр берілмесін жұрт ойға, Мұңды жүрсе мұңсыздардай шырқай ма? Бибігүлі таң атқанша ән салсын, Ермек аға кешікпейді бұл тойға. Жақындайық жақсы ағаға жаны күн, Жан-жағына шашыратқан жалынын. Кеше шыққан Мәдина да, Мақпал да Бұлбұлдары Димаш ағам бағының. Кезіп елдің өрі менен ылдиын, Көкте, жерде би болып жүр бір құйын. Олжасы да домбыраны қолға алып, Құрекеңнің тартып берер бір күйін. Асқақ шықсын күндегіден ән де аса, Алысқа ұшсын қанаттары талмаса. Нұрғисаның бүгін жанар жөні бар, Өкпелейміз егер бүгін жанбаса. Ер туғаны – егер дүние нұрланса, Бақ жанғаны – жас ұрпағы үлгі алса. Димаш атты сәби қанша қазақта, Димаш атты жігіт қанша, ұл қанша. Өмір заңы – өсу, өну, үлкею, Бақыт бітпей, біткен емес күлкі-ойын. Димаштардың болдым талай тойында, Көрсем деуші ем үлкенінің бір тойын. Бүгін тойда шырқалмайды жасық ән, Алты қырдан өнерімді асырам. Бұл күнге де аман жеттік шүкірлік, Орын алдым Алтекемнің қасынан. Елден бөлек жиналғаның жоқ сенің, Елге сыйың – көп махаббат, көп сенім. Қазақстан қамын ойлап қартайған, Қайран аға, құтты болсын сексенің. Аласа емес, сен биіксің, Заңғарсың, Саған қарап елдігімді аңғарсын. Саған қарап ерлігімді байқасын, Алғы күнде, мәңгі күнде сен барсың. Атқа міндік Димаш аға атымен, Көрген сайын көңілімді сатып ем. Батыр туған, ақын туған қазағың, Басшыны да туа білген сәтімен. Мен өзіңнен қуат алып өстім бе, Жана алдым ба, жақсы дәурен кештім бе? Сен биліктің ұстап тұрып қамшысын, Сілтеп көрген жоқсың, аға, ешкімге. Жеттің өзің Адам деген бағаға, Елді апардың гүл жазира далаға. Абақтыға сен айдатқан ешкімді, Тіршілікте кездестіргем жоқ, аға. Бүгінгі күн той иесі – сол ұлан, Сол ұланның шұғыласына шомылам. Жақсылардың күлкілері барында, Жамандардың күңкілдерін неғылам. Ризамын тірліктегі жоқ-барға, Көркім де бар, көкірегімде от барда. Димекеңнің серке тойы сексенде, Тұлпарымды бір қосайын көкпарға. Біз қаламыз, жылдар бізден озады, Талай ақын ол жайлы әлі жазады. Қонаевтың тойы бітпейді ешқашан, Жер бетінде аман тұрып қазағы...