Әдебиет

Егер мені тыңдасаң

Егер мені тыңдасаң

Жетпей жатсын жыраққа үнім мейлі, Жауыздыққа жүрегім жүгінбейді. Бомба тиеп Балқанда жүрсе біреу, Саусақтарым еріксіз дірілдейді. Қарамай-ақ хунтаның түнегіне, Мұң жамаймын жазықсыз жүрегіме. Тұтқындардың көрмей-ақ кісендерін, Тұнжырап қарай берем білегіме. Молая берсін менің мұңым мейлі, Жалғандықтың алдында жүгінбеймін. Тырна жасап жүрсе егер жапондық қыз Жан қысылып жүріп мен күбірлеймін. Менің қайғым, қайғысы бар адамның, Адамдардан келмейді дара қалғым. Топас біреу шешенге мылтық атса, Туған жерде тұрып-ақ, жараландым.

8Әзімбек Жанқұлиев.