Тоғыз жасар Серікбол ауыр техниканың «құлағында ойнайды»
Тоғыз жасар Серікбол ауыр техниканың «құлағында ойнайды»
Тоғыз жасар қазақтың баласы жүк тиейтін ауыр техниканың «құлағында ойнайды». Ойын баласының «санчоны» емін еркін жүргізетіні жайлы видео әлеуметтік желіде жарияланды.
Видео авторы жүк тиегішті тоқтатып, кабинада отырған баладан кім екенін сұрайды. Ол руы найман, аты Серікбол, жасы тоғызда екенін айтады. Содан кейін Серікбол арнайы техникамен қалай жұмыс істеп жатқанын көрсетеді.
Сөйлеу мәнеріне қарағанда бала Қытайда тұратын болса керек. Тоғыз жасар баланың бұл әрекетіне қазақстандықтар оң бағасын берді. Тіпті таңғалғандар да болды.