Денсаулық

Nokia телефон нарығына қайта оралды

Nokia телефон нарығына қайта оралды

Финляндиялық Nokia компаниясы нарыққа қайта оралып, жаңа смартфонын таныстырды.

Финляндиялық маркаға эксклюзив құқығы бар HMD Global компаниясы Қытайда Android 7.0 Nougat негізіндегі Nokia 6 самртфонының таныстырлымын өткізді.

Жаңа смартфон Samsung Galaxy Note 7 стиліндегі дизайнмен және сырты бүтін етіп металдан жасалған. Телефонның 5,5 дюйм IPS-экраны Full HD графикалы және Corning Gorilla Glass 3 қорғаныс әйнегі бар.

Телефонның жады 64 гигабайт, дегенмен Qualcomm Snapdragon 430 процессоры салыстырмалы түрде баяу жұмыс істейді.

Жаңа Nokia-ға екі SIM-карта салынады, Bluetooth 4.1, Wi-Fi 802.11 b/g/n. Бүйіріндегі камерасының сапасы 8 мегапиксель, 85 градусқа дейін көрініс береді.

Сонымен бірге, Nokia 6 "Үй" пернесінде орналасқан саусақ таңбасының сканерімен, NXP TFA9891 аудиодабылмен, екі динамикпен, Dolby Atmos технологиясы, Micro-USB портымен, акселерометр, электронды компас, гироскоп, жарық пен қашықтық тетіктерімен жабдықталған.

Жаңа телефон Қытай нарығына 2017 жалдың алғашқы жартысында шығады. Nokia 6 құны 245 доллар болады.

ақапарат  көзі: tengrinews.kz