Денсаулық

Жайылымдық жерлер тозбасын

Жайылымдық жерлер тозбасын

ҚР Парламенті Сенатының депутаттары өңір шаруаларымен кездесті

ҚР Парламенті Сенатының депутаттары Ертарғын Астаев пен Мұратбай Жолдасбаев өңірімізге іссапармен келді. Сенатор Ертарғын Астаев Жамбыл ауданындағы «Шайқорық бауы» ауыл шаруашылық өндірістік кооперативінің интенсивті алма бағы және «Бірлік» шаруа қожалығының жұмысымен танысты. «Шайқорық бауы» ауыл шаруашылық кооперативінің алма бағының алғашқы өнімі өткен жылы тұтынушыларға ұсынылған. Бұл туралы кооператив жетекшісі Альтаир Болсынбеков айтып берді. – 2015 жылы 24 гектарға алғашқы көшеттерімізді отырғыздық. Ол көшеттер бір жылдан соң-ақ өнім берді. Атап айтсақ, өткен жылы 250 тонна алма жинап алдық. Жиналған өнімді 200 теңгеден нарыққа шығардық. Ал былтырғы жылдың басында 10 отбасы бірігіп, «Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры» АҚ арқылы лизинг алып, тағы 50 гектарға интенсивті алма бағын отырғыздық. Вируссыз алма көшеттері Польша, Сербия мемлекеттерінен әкелінді. Жобаның жалпы құны – 718,3 миллион теңгені құрады. 50-70 адамды жұмыспен қамтып, уақтылы жалақыларын беріп отырмыз. Біз алма көшеттерін күннен, мезгілсіз жауын-шашыннан қорғау мақсатында қорғаныш технологияларын және тамшылатып суару жүйесін пайдаланып, мол өнімге қол жеткізу жолдарын қарастырудамыз, – деді ол. – Мен облыстың жағдайымен өте жақсы таныспын. Өзім бірнеше жыл осында еңбек еттім. Кезінде Алматының апортының даңқы кең тарағаны бәрімізге белгілі. Сол секілді Жамбылдың алмасын да барша елімізге танытудың жолын қарастыру керек. Өйткені, бұл облыста алманың кез-келген сұрыбын баптап, өсіруге жері мен табиғаты жайлы, ауа райы қолайлы. Осыны өңір шаруалары мен бағбандары жақсы пайдалануы керек. Облыс бойынша алғанда алма бауының көлемі әлі де аз, оны еселеп арттыру керектігін айтқым келеді. Сонда сіздер жергілікті сапалы өніммен өздеріңізді ғана қамтып қоймай, оны еліміздің өзге де өңірлеріне экспорттай аласыздар, – деді Е. Астаев.

(Жалғасы 2-бетте).