Honda өздігінен жүретін мотоцикл құрастырды (видео)
Honda өздігінен жүретін мотоцикл құрастырды (видео)
Honda корпорациясы өздігінен жүретін мотоцикл құрастырды.
Мотоциклге Honda Riding Assist сынақ жүйесі орнатылған, ол кез келген жылдамдықта тұрақтылықты ұстап тұрады. Бұл жұмыстар Honda ASIMO және скутердің жаңа нұсқаларын құрастыруда пайда болған.
Инновациялық мотоцикл көлікжайдан өздігінен шыға алады, жүргізушінің соңынан жүреді. Сонымен қатар, оның бағдаршамның қызыл түсіне тоқтап тұрған уақытта құлаудан сақтап тұратын жүйесі бар. Жаңа техниканың қашан сатылымға шығатыны белгісіз.
ақпарат көзі: egemen.kz