Алматыда Универсиаданы өткізуге және инфрақұрылымды дамытуға 109 млрд теңге бөлінген
Алматыда Универсиаданы өткізуге және инфрақұрылымды дамытуға 109 млрд теңге бөлінген
28-ші Дүниежүзілік қысқы универсиаданы өткізуге республикалық бюджеттен 109 милллард теңге бөлінген.
Бүгін Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары, 28-ші Дүниежүзілік қысқы Универсиада-2017 ұйымдастыру комитетінің төрағасы Иманғали Тасмағамбетов спорт нысандарының дайындығын тексеріп, көшпелі кеңес өткізді. Алматы қаласының әкімі Бауыржан Байбек Универсиаданы өткізу мегопалистің дамуына, қызмет көрсету сапасына айтарлықтай ықпал еткенін айтты. Әкімнің айтуынша, Универсиаданы өткізуге, Алматыда инфрақұрылымды дамыту мен құрылысқа республикалық бюджеттен 109 млрд теңге бөлінген. «Универсиада нысандарын салу кезінде 1 550 Шағын және орта бизнес өкілдері жұмыспен қамтылып, құрылыс саласында 30 мыңнан аса жұмыс орны ашылды. 9,2 млрд теңге салық төленді. Универсиаданың операциялық дайындықтарына 5 мың жұмысшысы бар 200 компания тартылды, оның 80 пайызы алматылықтар. Бюджетке түскен 12,3 млрд теңгенің 1,5 млрд-ы басқа салықтарды есептемегенде, қосымша құн салығы ретінде қайтады», - деді Бауыржан Байбек.
ақпарат көзі: kazinform.kz