Денсаулық

Баторик Қазақстанның ең қымбат футболшысы атанды

Баторик Қазақстанның ең қымбат футболшысы атанды

Алматылық «Қайрат» командасының капитаны Бауыржан Исламхан Қазақстан Премьер лигасында өнер көрсететін еліміздің ең қымбат футболшысы атанды. Оның табысы шамамен миллион еуроға артқан.

Transfermarkt мәліметінше, Қазақстан құрамасы жартылай қорғаушысының трансферлік құны бір миллионнан 1,8 миллион еуроға артқан.

Бұған дейін Исламхан бірінші орынды «Астана» командасының жартылай қорғаушысы Дмитрий Шомкомен бөліскен болатын. Қазір Шомко «Астананың» тағы бір қорғаушысы Юрий Логвиненкомен бірге екінші орынға тұрақтады. Олардың трансферлік құны 1,2 миллион еуроға бағаланып отыр. Ал төртінші орынға трансферлік құны бір миллион еуроға жеткен «Қайрат» командасының қақпашысы Стас Покатилов пен «Астана» шабуылшысы Роман Мұртазаев жайғасты.

Естеріңізге сала кетсек, «Қайрат» командасы қараша айында Бауыржан Исламханмен келісімшартты 2019 жылдың 30 қарашасына дейін ұзартты. Футболшы «Қайрат» құрамында 2014 жылдан бері өнер көрсетіп, осы уақыт ішінде жүзден астам ойын өткізген. Ел арасында «Баторик» атанып кеткен 9-шы нөмірлі Бауыржан Исламхан 2014 жылғы Қазақстан Премьер лигасының үздік футболшысы, 2015 жылдың үздік жартылай қорғаушысы және 2016 жылғы Қазақстан Премьер лигасының үздік ойыншысы атанған. Осылайша, Зинедин Зидан мен Андрес Иньестаның табынушысы Исламхан жыл сайын үздік футболшы атағын ешкімге бермей келе жатыр.

ақпарат көзі: Baq.kz