Денсаулық

Майкл Джексонның қарындасы 50 жасында тұңғышын дүниеге әкелді

Майкл Джексонның қарындасы 50 жасында тұңғышын дүниеге әкелді

Танымал америкалық әнші Джанет Джексон 50 жасында алғашқы шақалағын дүниеге әкелді.

People журналы әншінің өкіліне сілтеме жасап жазуынша, қазан айында Джексон жүкті екендігін растаған. Ол кезде басылым аяғы ауыр әншінің түгел ақ киімге киінген  суретін орналастырған болатын. Поп-музыка королі Майкл Джексонның кіші қарындасы отбасын жоспарлауға ден қою үшін әлемдік турнеден бас тартатынын сәуір айында-ақ мәлімдеген болатын. Ол 2012 жылдың желтоқсанында Катар миллиардері Виссам аль-Манмен жасырын түрде некелескені хабарланған болатын. Джанет Джексон сахнаға 7 жасынан шыға бастады. 1976 жылы The Jacksons сериалына түсті. 16 жасында Джексон A&M рекорд-лейблімен келісімшартқа қол қойды, көп ұзамай оның алғашқы альбомы жарыққа шықты. Billboard журналының мәліметінше, әнші поп-музыка тарихындағы сатылымы ең жоғары орындаушылардың тізіміне енеді.

ақпарат көзі: kazinform.kz