Денсаулық

ЭРА-ГЛОНАСС орнатылғаннан кейін Қазақстанда көлік бағасы қаншалықты қымбаттайды

ЭРА-ГЛОНАСС орнатылғаннан кейін Қазақстанда көлік бағасы қаншалықты қымбаттайды

Жаңа автомобильге спутниктік мониторингілеу жүйесін орнату оның құнына айтарлықтай әсер етпейді.

«2015 жылдың қаңтарында күшіне енген ТС 018/2011 техникалық регламенті 2017 жылдан бастап барлық көлік құралдарына спутниктік мониторингілеу жүйесін орнатуды міндеттейді. Жаңа автомобильге спутниктік мониторингілеу жүйесін орнатумен машина жасаушылар, оның ішінде Қазақстанда да өздері айналысатын болады. Оның автомобиль құнына айтарлықтай ықпалы бола қоймайды. Қымбаттау шамамен 100 мың теңгені құрайды», -  делінген ақпаратта. Айта кетерлігі, Қазақстандық автобизнес қауымдастығының президенті Андрей Лаврентьев адам өмірінің әрбір минуты қымбат сәтте шұғыл әрекет етудің бірыңғай жүйесі қажет деп санайды. «Әрбір минут есептеулі сәтте біреулерді құрылғы құны алаңдата қояды деп ойламаймын. Уақыт өте келе жол-көлік апаты бойынша статистика жақсы жағына қарай өзгереді. Жолдарда жолаушылардың өмірін сақтауға барлығы да мүдделі», - дейді ол.

ақпарат көзі: kazinform.kz