Жаһан

Қазақстанда 29 су қоймасының құрылысы жүргізіледі

The final spritzer

Қазақстанда 29 су қоймасының құрылысы жүргізіледі

Қазақстан өңірлерінде 29 су қоймасы салынады. Бұл туралы кеше Орталық коммуникациялар қызметіндегі брифингте ҚР Қоршаған орта және су ресурстары министрі Нұрлан Қаппаров мәлім етті.

«Климатологтардың болжамын ескере отырып, облыстар тұрғысында 2014-2016 жылдары су қоймаларының торабтарын қайта құру мен толық жөндеудің жоспары әзірленді. Сондай-ақ, жаңа су шаруашылығы нысандарының құрылысы үшін жобалық құжаттаманы даярлау шаралары атқарылды. Жоспарда 29 су қоймасын құру қарастырылған», - деді министр.

Белгілі болғандай, аталған жоспар аясында 2 мың 700 шақырымнан астам магистральді және үлестіргіш каналдарды қайта жаңғырту, күрделі жөндеуден өткізу жұмыстары жүзеге асырылмақ.

 Руслан Ғаббасов

Ақпарат көзі: www.kazinform.kz