Денсаулық

ЭКСПО қарсаңында Астанаға 380 жаңа автобус жеткізіледі

ЭКСПО қарсаңында Астанаға 380 жаңа автобус жеткізіледі

Елордада «ЭКСПО-2017» көрмесіне орай 11 автобустың қозғалыс жиілігі 5 минутқа дейін қысқарады.

«ЭКСПО көрмесіне орай 7 шаттл-бас бағдарын іске қосу көзделіп отыр. Олар ЭКСПО-қалашықтың көлік хабымен түйістірілетін болады. Көрмеге тақау өтетін 10, 15, 12, 18, 35, 37, 40, 51, 53, 102 сынды 11 бағдар күшейтіліп, олардың қозғалыстағы нормативтік уақыты 5 минутқа дейін қысқартылады», - деді ол. Арданның айтуынша, Астананың  жолаушылар көлігі паркін жаңартуға бағытталған жұмыстар да жалғастырылатын болады. Мәселен, 2017 жылдың мамыр айының ортасына дейін елордаға жаңа 380 автобус жеткізілетіндігін атап өтті. «Аталған автобустар қауіпсіздіктің қазіргі заманғы талаптарына сай, өте жайлы болады. Бұған қоса, жергілікті ауа райына бейімделіп жасалады. ЭКСПО көрмесі аяқталған соң, ескі автобустар біртіндеп пайдаланудан шығарылады», - деді Ардан. Естеріңізге сала кетсек, 2015 жылы Астанаға «IVECO» маркалы 358 автобус жеткізіліп, ескі 210 қоғамдыө көлік пайдаланудан шығарылған еді.

ақпарат көзі: kazinform.kz