Патша алып қашып кетпес үшін қыздар бетіне татуировка салдырған (фото)
Патша алып қашып кетпес үшін қыздар бетіне татуировка салдырған (фото)
Чина тайпасының жас қыз-келіншектері тозығы жеткен дәстүрдің құрбаны болып жүр. Олар өздерін алып қашып кетпеуі үшін беттеріне татуировка салып, құлақтарына үлкен сырға тағуға мәжбүр.
Чина тайпасы Мьянма аймағында өмір сүреді. Бұл дәстүрге 1960 жылы заңмен тыйым салынса да, әлі күнге дейін өз жалғасын тауып келеді. Татуировка әдетте қыздарға 12-14 жастарында салынады. Аңызға сүйенсек, ертеректе патша сұлу қыздарды көңілдес етпек ниетпен алдырып отырған екен. Қыз асырап отырған ата-аналар әдейілеп олардың беттеріне татуировка салдырып, құлақтарына үлкен сырғалар тақтыратын болған. Яғни Чина тайпасының үлкендері патшаның арам пиғылымен осылай күрескен.
Фотограф Тех Ен Лин жуырда Мьянму аймағына барып, оларды жақыннан суретке түсіріп қайтты. “Мьянму аймағына бармас бұрын Чина тайпасын әбден зерттеп алдым”, – дейді ол.
Бастапқыда көп адам жоғарыдағы аңыз туралы білмеген. Десе де, “Не себепті ер адамдарда мұндай татуировка жоқ?” деп көп ойланған.
Мун, Дэй және Мкэнг есімді әжелердің бетіне татуировка 12-14 жастарында салынған екен. Аталған дәстүрді тоқтату үшін билік араласқан.
“Билік бұл дәстүрдің жалғасуына тыйым салған кезде қызық оқиғалар орын алды. Бірі билікке қарсы шықса, енді бірі құптай түсті”, – дейді Тех Ен.
Тайпадағылар жануарлардың бас сүйегін жинап, оларды керегеге асып қойғанды жақсы көреді.
Қазіргі таңда мұндай татуировкаларды тек кәрі әжейлердің бетінен көруге болады.
Мкэнг пен Дэяның татуировкаларында айтарлықтай өзгерістер бар. Дэяның ұрпақтары қара көк түсті, Мкэнг көк жасыл түсті татуировкаларды жөн көреді.
“Маннаның стиліне сай татуировкалар маңдайдан иекке дейін жететін тік сызықтардан құралады. Мұнымен қатар, маңдайларында кішкене нүктелер болады. Түсі қара көкке жақын болып келеді. Өгіз өті мен жануар майы қосылып жасалады. Татуировканы салу процессі бір күнге созылады. Көз үсті терісі тым нәзік болатындықтан, қатты ауырады. Жазылуының өзі екі аптаға созылады ”, – дейді Тех Ен.
ақпарат көзі: stan.kz