Байзақ
Байзақ
«Байзақ аруы» байқауы өтті
Аудан әкімдігі мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің ұйымдастыруымен аудандық «Байзақ аруы» байқауы өтті. Байқауға аудан мектептері мен мекемелерінен 16 мен 21 жас аралығындағы 11 ару сынға түсті. Олар «Сәлем – сөздің анасы», «Қыз еркем – кестесімен көркем», «Өнерлі өрге жүзер», «Қызды тәрбиелеген – ұлтты тәрбиелейді», «Ең сәнді киім үлгісі» секілді шарттар бойынша сынға түсті. Қазылар алқасының шешімімен «Байзақ аруы» бас жүлдесіне Темірбек ауылдық округінен қатысқан Айзада Үсіпбекова лайық деп табылды. Ынтымақ ауылының өкілі Әдемі Манапова бірінші, аймантөбелік Сәбина Қошанова екінші, қызылжұлдыздық Аружан Кемелбек үшінші орынға ие болды.