Гипноз туралы не білесіз?
Гипноз туралы не білесіз?
Гипноз – бұл адамның ішкі жан-дүниесі мен сезіміне әсер етеді. Тіпті, аталмыш құбылысты сиқырмен немесе түрлі магиямен байланыстырып жататындар да кездеседі екен. Вен халқының тумасы, дәрігер А.Месмер гипнозды психикалық ауруы бар адамдарды емдеу үшін қолданыпты. Бірақ, доктор гипнозды толық зерттей алмаған. Оның ойынша, гипноз «жануарлар магнетизмінен» туған екен. Бастапқыда Месмердің гипноз процесін көпшілік қауым алаяқтық ретінде санаған. 100 жылдан кейін ағылшын дәрігері Джеймс Брайд гипноз туралы ғылыми зерттеу жұмысын жүргізген. Содан бері бұл сала ғалымдардың қызығушылығын танытып келеді. Гипноз – көп адамдар үшін жұмбақ құбылыс ретінде саналады. Кейде адамдар гипноз барысында өмір бойы қолынан келмеген нәрсені де жасауы әбден мүмкін екен. Адамды еркінен тыс гипноздап тастауға бола ма? Болмайды. Себебі, гипноз алған адаммен гипноз жасаушының арасында байланыс орнауы керек дейді ғалымдар. Гипноз туралы біздің дәуірімізге дейінгі 10000 эрадан бастап белгілі болыпты. Ол кезде бұл іспен шамандар айналысқан екен. Шамандар гипнозды жауынгерлерді жігерлендіріп, болашақты болжау үшін жасаған. Ал аборигендер болса, гипнозды хирургиялық ота жасауға, сондай-ақ толғақ кезінде әйелдерді тыныштандыруға қолданған. Сонымен қатар, гипнозды ежелгі Египетте, Тибетте, ежелгі Греция мен Үндістанда да пайдаланыпты. Бүгінде гипнозға көше кәсібі ретінде қараймыз. Тіпті, мұны сығандар қолданады деген де ұғым қалыптасқан біздің ортада. Алаяқтар өз мақсаттарына жету үшін мынадай бірнеше тәсілдерді пайдаланады. Мысалы, олар адамды гипноздау үшін «айнаны» қолданады. Бұл алаяқтың гипноздалған кісінің ішкі жан-дүниесіне еніп, проблемаларын білетіндей кейіп танытуына мүмкіндік береді екен. Өйткені, айнаның гипноздайтын қасиетті бар. Тіпті, бұл туралы көптеген фильмдер мен аңыздар да жеткілікті. Осы орайда бір қызықты фактіні айта кетейік: гипнозда жатқан адамның бойындағы барлық аллергиялық белгілер жоғалып кетеді. Австриялық банк қызметкерлері мен әшекей бұйымдар дүкенінің сатушылары арнайы гипноз курсын оқиды. Себебі, бұл тәсіл оларға тонаушылардан қорғану үшін қажет. Айтпақшы, сіз адамның белгілі бір уақытта өзінен-өзі гипнозға түсетінін білесіз бе? Иә, жаңылыс оқыған жоқсыз, кез-келген кісі өз-өзінен гипнозға түседі. Мұны шетелдік дәрігерлер адамдар психикаларын қорғау үшін түсетін аз уақыттық транс деп атайды екен. Америка ғалымдарының зерттеуінше, нәзік жандыларға қарағанда ер адамдардың гипноздың көмегімен темекі тартуды тастап кетуі оңай көрінеді. ХІХ ғасырда дәрігерлер қауымы физикалық аурулардың 80 пайызы науқастың өзіне байланысты екендігін дәлелдеген болатын. Қазіргі күні гипноздың көмегімен семіздіктен арылу, темекіден, алкогольді өнімдерді пайдаланудан және де түрлі фобиялардан емдеуге пайдаланады. Десе де бұл науқастың 100 пайыз жазылып кетуіне мүмкіндік бермейтінін ескерте кетейік. Әлем бойынша ең танымал гипнозшілердің қатарына Михаил Шойфет, Анатолий Кашпировский, Крисс Энджелдер жатады. 1989 жылы Анатолий Кашпировский тікелей эфирде стадионда отырған жанкүйерлердің барлығын гипноздап, бүкіл Кеңес одағының халқы үшін үлкен сенсация жасады. Сол сәтте аталмыш кешендегі адамдардың барлығы күліп, тіпті би билеп, өздерін мас адамша ұстаған. Ал сеанс біткен соң, олар «мас адамдай» сезінгендіктерін айтыпты. Демек, гипнозға әлсіздер ғана емес, ерік жігері мықты жандар да түседі екен. ozgeshe.kz сайтынан алынды.