Экономика

Бюджет қаржысы қадағалауды қажет етеді

Бюджет қаржысы қадағалауды қажет етеді

Қалтай Жігітеков, облыс бойынша ішкі мемлекеттік аудит департаментінің №2 мемлекеттік сектордың аудиті бөлімінің басшысы.

Қоғам мен мемлекеттің игілігі үшін бюджет саясатын табысты іске асыру – басты міндет. Құбылып отырған экономикалық жағдайларға байланысты бейімделген экономиканың өзгеріп отыруы қаржылық бақылаудың тетіктері мен аспектілерін жетілдіруге байланысты. Өткен 25 жыл ішінде Тұңғыш Президент Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың тұрақты көңіл бөліп, қолдау көрсетуінің арқасында бюджет жүйесі тиімділігінің артуына және бюджет қаражатын алушылардың қаржы тәртібінің жақсаруына ықпал ететін, мемлекет басқарудың тәуелсіз әрі пәрменді органдары пайда болды. Президент Н.Ә.Назарбаев «Қазақстан – 2050» Стратегиясы – қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» атты Жолдауында «Қазақстан Республикасында мемлекеттік аудитті енгізу тұжырымдамасын бекіту туралы» 2013 жылғы 3 қыркүйектегі Жарлығында озық әлемдік тәжірибенің негізінде мемлекеттік аудиттің кешенді жүйесін құру жөнінде реформа жариялады. Аудиттің жаңа жүйесін енгізу бес институттық реформаны жүзеге асыру бойынша «100 нақты қадам» – Ұлт жоспары қадамдарының бірінде бекітілген. Нәтижесінде өткен жылдың қараша айында қабылданған «Мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау туралы» заңмен оның ережелерін іске асыруға кірістік. Біздің қызметіміздің басты мақсаты – облыстағы қаржы тәртібін нығайту және экономикалық тұрақтылықты қамтамасыз ету үшін республикалық және жергілікті бюджет қаражатын және мемлекет активтерін пайдаланудың тиімділігін арттыру, сонымен қатар, қаржылық есептіліктің дұрыстығын қадағалау. Департаментте 2016 жылдың өткен 11 айында 164 аудиторлық іс-шара жүргізілді, оның 105-нен жалпы сомасы 5791,0 миллион теңгені құрайтын қаржылық бұзушылықтар мен бюджеттік және қаржылық есептіліктің ережесін бұзушылықтар анықталды, атап айтқанда қаржылық бұзушылықтар – 402,4 миллион теңге, рәсім сипатындағы бұзушылықтар – 5388,8 миллион теңге, оның ішінде мемлекеттік сатып алу заңдылықтарының сақталуына жүргізілген 16 тексеру бойынша бұзушылықтар – 1589,1 миллион теңге. Одан басқа есепті кезеңде құқық қорғау органдарының берген материалдары бойынша 68 қорытынды беріліп, жалпы сомасы 7206,4 миллион теңгені құрайтын қаржылық бұзушылықтар мен бюджеттік және қаржылық есептіліктің ережесін бұзушылықтар анықталды, атап айтқанда, қаржылық бұзушылықтар – 5051,3, миллион теңге, рәсім сипатындағы бұзушылықтар – 2155,1 миллион теңге, оның ішінде мемлекеттік сатып алу заңдылықтарының сақталмауынан 2133,2 миллион теңге. Сонымен қатар, мемлекеттік сатып алу бойынша жүргізілген камералдық бақылаумен 11879 лот (100 пайыз) қамтылды, нәтижесінде 1603 лоттан 20284,0 миллион теңгені құрайтын бұзушылықтар анықталды, қорытындысында бақылау нысандарына бұзушылықтарды жою туралы 647 хабарландыру хат жіберілді, оның орындалғаны – 640. Анықталған қаржылық бұзушылықтардың жалпы сомасынан бюджетке қайтарылуға және қалпына келтірілуге тиіс 625,2 миллион теңгеден қолданылған шаралар арқылы 613,7 миллион теңгесі қайтарылды және қалпына келтірілді, яғни 98,1 пайызды құрады. Тексеру іс-шараларының қорытындылары бойынша мекемелер мен кәсіпорындардың басшылары анықтаған бұзушылықтар үшін 109 лауазымды тұлға тәртіптік жауапкершілікке тартылды. Құқық қорғау органдарына жазылған өтініштер бойынша жүргізілген аудит материалдарына сәйкес 9,0 миллион теңгені құрайтын 3 материал беріліп, оның (6,7 миллион теңгені құрайтын) 2-еуіне қылмыстық іс қозғалды. 2016 жылдың өткен кезеңінде департамент арқылы қаралған әкімшілік материалдар бойынша 145 лауазымды тұлғаға жалпы сомасы 18,1 миллион теңгеге әкімшілік айыппұлдар салынды, оның ішінде 9,5 миллион теңгесі бюджетке қайтарылды, яғни 52,2 пайызды құрады. Әрбір аудиторлық іс-шараның қорытындылары бойынша біз орындалуы міндетті, бюджет заңнамасын жетілдіруге, сыбайлас жемқорлықтың жолын кесу және алдын алуға бағытталған ұсынымдар мен тапсырмалар әзірлейміз. Бұл ретте бюджеттің атқарылуы туралы есептерді, жүргізілген мемлекеттік аудиттің және қаржылық бақылаудың нәтижелерін жариялау жолымен қызметтің ашықтығы мен айқындығын қамтамасыз ету мәселелеріне баса көңіл бөлеміз. Конституциялық тәртіпті қорғау, сыбайлас жемқорлықпен күрес аясында тиімді, бірыңғай жалпы мемлекеттік саясат жүргізу, мемлекет пен азаматтардың өмір сүруінің барлық салаларында сыбайлас жемқорлық пен оның көріністерін төмендету, қоғамның мемлекетке және оның институттарына сенімін нығайту, сонымен қатар, олардың негізгі міндеттерінің бірі – мемлекеттік қызметшілердің Әдеп кодексін сақтауын қадағалау – біздің негізгі міндетіміз.