Қазақ қызы Қытайдың мемлекеттік сыйлығын жеңіп алды
Қазақ қызы Қытайдың мемлекеттік сыйлығын жеңіп алды
Қытайда тұратын қандасымыз Айнұр Мәулетқызының «Апа» атты шығармасы ҚХР-дың мемлекеттік сыйлығын жеңіп алды. Бұл туралы қытайдың «Тәңіртау» сайты хабарлады. Прозалық шығармалар бойынша 6 рет ұйымдастырылған «Бинщин» атындағы мемлекеттік конкурс Шандуң қаласында өтті. Нәтижесінде қандасымыздың шығармасы мемлекеттік «Бинщин» сыйлығын жеңіп алды. Айнұр Мәулетқызының шығармалары қытайдың танымал басылымдарында үнемі жарық көріп тұрады.