Әлеумет

ТАТУЛЫҚТЫ ТУ ЕТІП…

ТАТУЛЫҚТЫ ТУ ЕТІП…

Ел Тәуелсіздігінің 25 жылдығына арналған мерекелік шара облыстық мамандандырылған дарынды балаларға арналған «Дарын» мектеп-интернатында да өткен болатын. Жоғары сынып оқушылары мерекенің мән-маңызын түсініп, ашып көрсете білді. Олар ұйымдастырған барлық тәрбие сағаттары мен өзге де шаралардан патриоттық пен елге деген сүйіспеншіліктің рухы сезіліп тұрды. Мысалы, 10-сынып оқушыларының ұйымдастыруымен өткен сахналық қойылым желісінде АҚШ-тағы қандастарымыз уақыт машинасын ойлап тауып, олар сонымен еліміздің 4 тарихи астанасына саяхат жасайды. Олардың Орынбордан бастаған сапары бүгінгі Елордамыз Астана қаласынан аяқталады. Оқушылар осы көрініс арқылы еліміздің бай тарихи-мәдени, туристік ерекшеліктерін көрсете отырып, тарихқа ой жүгіртеді. Ал математикалық бағытта білім алып жатқан 10-сынып оқушылары шамдардың жарығымен «25», «KZ» белгілерін жасай отырып арнайы би ұйымдастырған екен. Мерекелік шарада мектеп директоры республика­лық конкурстардан орын алған ұстаз­дарды арнайы марапаттап, сый-құрмет көрсетті.

Дина Әмірова, облыстық «Дарын» мектеп-интернаты директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары.