Денсаулық

Д.Өтеғалиев "Республикалық радио" ЖШС басшысы болып тағайындалды

Д.Өтеғалиев "Республикалық радио" ЖШС басшысы болып тағайындалды

«Қазақстан» РТРК құрамында жаңа өзгерістер орын алды. Корпорация басшысы Кемелбек Ойшыбаев бұл туралы өзінің фейсбуктегі парақшасында жазды.

Басқарма басшысының айтуына қарағанда бұған дейін «Қазақстан» РТРК құрамында болған радиолар жаңа жылдан бастап жеке ЖШС болып бекітіледі. Оған жаңа басшы да сайланып қойған екен.

Досымбек Өтеғалиев Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің журналистика факультетін (1999) журналист мамандығы бойынша бітірген және осы университеттің осы мамандық бойынша магистратурасын (2001) тәмамдаған.

1997-2001 жылдары - «Шахар» ТРК телерадиохабарларының жүргізушісі.

2000 жылдан - «Южная столица» ТРК журналисі жаңалықтар жүргізушісі.

2001-2004 жылдары - «Хабар» агенттігінің жаңалықтар жүргізушісі және продюсері.

2005 жылдан - «31 арна» ТРК «Информбюро» бағдарламасының жүргізушісі, шығарушы редакторы.

2008 жылдан - «Алматы» ТРК Ақпараттық-талдау бағдарламалары дирекциясының директоры, 2009 жылдан –аталған телеарнаның продюсері.

2010 жылдың қаңтар айынан бері - «ЗАҢ» Медиа-корпорациясы» ЖШС президенті қатарлы қызметтерді атқарған.

ақпарат көзі: Baq.kz