Шыңжаңдық 71 жастағы қарт 150 қасқырмен бірге тау арасында тұрады
Шыңжаңдық 71 жастағы қарт 150 қасқырмен бірге тау арасында тұрады
Қытайдың Санжы облысына қарасты Жемсары ауданында «Қасқырлы сай» деп аталатын аңғар бар. Бұл жерде қасқыр бағатын Иаң Шаңшың есімді 71 жастағы қария тұрады,
Жақында Қытайдың Тянь-Шань ақпараттық порталы қасқыр бағуға құмар қарияның өмірімен танысып қайтты. «Иаң Шаңшыңның «қасқырлы сайында» 8 түрлі бөрі тұқымынан 150 -ден астам жабайы қасқыр өмір сүреді. Қария әр күнін жабайы жыртқыштармен бірге көңілді өткізуде», деп жазады дереккоз. Қарттың айтуынша, ол бөрі тұқымын ең алғаш қазақ досының үйнен көріпті. Шынжырлап байлаулы тұрған бөлтірікке жаны ашып, оны досынан бағуға сұрап алған екен. Оның қасқыр бағуға деген ынтасы осыдан басталған. Алғашында туыстары қарсылық танытқанымен оның жабайы жыртқышқа деген құмартушылығына ешкім тосқауыл бола алмаған. Бүгінде ол үлкен аңғарды жалға алып, арнайы бөрі бағатын орынға айналдырған. Иаң Шаңшыңның айтуынша, жыртқыштардың азығына жылына 100 мың юан қаржы кетеді екен. Бұл шығынды ол өзінің жеке бизнесімен ақтайды «Жабайы аңдарда адамдардың жанашырлығын сезінеді және лайықты жауап та қайтарады. Қасқырлар өз сүйіспеншілігін адамға жақындап аяғына оралып, ақырын тістелеу арқылы білдіреді», - дейді қария.
ақпарат көзі:kazinform.kz