Судьяларға мемлекеттік наградалар табысталды
Судьяларға мемлекеттік наградалар табысталды
Тәуелсіздік күні қарсаңында судьялар марапатталды. Жоғарғы сот төрағасы Қайрат Мәми қара қылды қақ жарған әріптестеріне мемлекеттік награда табыс етті. Салада талмай қызмет етіп, өскелең ұрпаққа өнеге көрсеткен судьялар «Парасат», «Құрмет» ордені және «Ерен еңбегі үшін» медалімен марапатталды. Сонымен қатар 300-ге жуық судья мен қызметкер мерейтойлық медальға ие болды. Бағлан Мақұлбеков, ҚР Жоғарғы сотының судьясы: - Қазіргі ҚР сот жүйесі Қазақстан халқының құқықтары мен бостандықтарын ҚР Конституциясының заңдарына сәйкес қорғайтын үкіметтік органға айналды. Қазір халықтың сотқа деген, сот жүйесінің жұмысына деген сенімі күннен күнге артып келеді. Бұл жағдай бізді қуантады. Сот құқықтық реформасы бізде жалғасады. Сот жүйесі жаңа тәртіппен жұмыс атқаруда.
ақпарат көзі: 24.kz