Денсаулық

Кейкі батырдың сырт келбеті қалпына келтірілді

Кейкі батырдың сырт келбеті қалпына келтірілді

ҚР президенті жанындағы стратегиялық зерттеу институтының ғалымы Берік Әбдіғалиұлы бас сүйегі қалпына келтірілген Кейкі батырдың суретін жариялады.

Оның айтуынша, венгриялық ғалымдар бас сүйекті қалпына келтіру жұмыстарын сәтті аяқтаған. Енді бұл бас сүйектің қазақтың ұлттық батырына тиесілі екеніне еш күмән болмауы тиіс.

20161213195417

Бұған дейін ҚР орталық мемлекеттік музейі мен Венгриядағы ҚР елшілігі бұл бағытта тізе қосып жұмыс істеген. ҚР мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлы бас сүйектің Венгриядан желтоқсан айының басында әкелінетінін айтқан еді.

20161213195424

Бас сүйекті қалпына келтіру жұмыстарымен музейдің антропологиялық бөлімінің жетекгшісі Агнеш Куштар айналысқан. Сондай-ақ, 1916 жылғы ұлт-азаттық көтерілісі кезінде елді қорғағанн батыр Кейкінің бас сүйегі Қостанай облысы, Амангелді ауданы, Тасты ауылындағы өзі туған мекенге жерленбек.

ақпарат көзі: stan.kz