Денсаулық

Измир әкімі Қазақстандық студенттерді Тәуелсіздіктің 25 жылдығымен құттықтады

Измир әкімі Қазақстандық студенттерді Тәуелсіздіктің 25 жылдығымен құттықтады

Бүгін Ақордада ҚР Мемлекеттік хатшысы Гүлшара Әбдіқалықова Қазақстанның танымал тұлғаларына мемлекеттік наградаларды тапсырды.

«Ізгі дәстүр бойынша жыл сайын Тәуелсіздік күні қарсаңында Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев ел дамуына еңбегін сіңірген Қазақстан азаматтарының елеулі тобын мемлекеттік наградалармен марапаттайды. Биыл еліміздің мәртебелі мерейлі белесінде Елбасының Жарлығымен 2710 адам жоғары мемлекеттік наградаға ие болды. Бұл ел Президентінің Қазақстан азаматтарының, оның ішінде сіздердің Тәуелсіздікті нығайтудағы еңселі еңбектеріңізге берген елеулі бағасы деп қабылдауымыз керек. Ел Тәуелсіздігінің биылғы маңызды белесі барша халқымыз үшін еңселі мерекеге айналуда»,-деді Мемлекет хатшысы.   Оның сөзіне қарағанда, бүгін награда алғалы тұрғандардың ішінде түрлі мамандықтардың иелері бар. «Тәуелсіздіктің тұғырын бекіту жолында тер төгіп жүрген сіздердің баршаларыңыз Қазақстанды жаңа биіктіктерге бастап, еңбекте жемісті нәтижелер көрсете береді деп сенеміз»,-деді Г. Әбдіқалықова. Сонымен, мемлекеттік,  қоғамдық қызметте сіңірген еңбегі, елдің әлеуметтік-экономикалық және мәдени дамуына, халықтар арасындағы достық пен ынтымақтастықты нығайтуға қосқан елеулі үлесі үшін ІІІ дәрежелі «Барыс» ордені «Қазақ тамақтану академиясы ҚБ» ЖШС президенті Төрегелді Шарманов пен Қаржы министрлігінің жауапты хатшысы Наталья Коржоваға тапсырылды.   Бұдан бөлек, «Парасат» орденімен «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ басқарма төрағасы Асқар Жұмағалиев, «Қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық университеті» РМК ректоры Динар Нүкетаева, ақын Серік Тұрғынбекұлы, Қазақстанның қолдоб федерациясының құрметті президенті Дәулет Тұрлыханов  және басқалары наградталды.   Ал ІІ дәрежелі «Достық» орденімен «Жастар театры» МКҚК көркемдік жетекшісі Нұрқанат Жақыпбай, «Мемлекеттік республикалық корей музыкалық комедия театры» РМҚК директоры Любовь Ни марапатталды. «Құрмет» ордені Президент Әкімшілігі бөлім меңгерушісінің орынбасары Серік Айдарбековке, Президент Баспасөз хатшысының орынбасары Маржан Әкімжановаға,  Ш. Айманов атындағы «Қазақфильм» АҚ вице-президенті Серік Жұбандықовқа, «Ұлттық штаттық командалар және спорт резерві дирекциясы» РМҚК нұсқаушы-спортшысы Динара Сәдуақасоваға және басқа да азаматтарға тапсырылды.   Мұнымен қоса, ІІІ дәрежелі «Еңбек Даңқы» ордені «Арселор Миттал Теміртау» АҚ Көмір департаменті И. Костенко атындағы шахтасының жұмысшысы Қабдығап Сүлейменовке, «Арал балық өңдеу зауыты» ЖШС аға шебері Күлмариям Кемаловаға берілді. «Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері» құрметті атағына «Қазақ әуендері» АҚ филиалы - «Гүлдер» ансамблінің әншісі Ұлықпан Жолдасов, «Дос-Мұқасан» ансамблінің көркемдік жетекшісі Мұрат Құсайынов және басқа да өнерпаздар лайықты деп танылды.   Мемлекеттік хатшы «Ерен еңбегі үшін» медалімен Президент Әкімшілігі бөлім меңгерушісінің орынбасары Николай Кузьминді, Президент Әкімшілігі бөлім меңгерушісінің орынбасары Ескендір Құдайбергеновты марапаттады.

ақпарат көзі: kazinform.kz