Денсаулық

Қазақстандық оқушылар Бүкілресейлік олимпиадада жеңіске жетті

Қазақстандық оқушылар Бүкілресейлік олимпиадада жеңіске жетті

Қазақстандық мектеп оқушылары бағдарлама жасаудан 17-ші Бүкілресейлік командалық олимпиаданың жеңімпаздары атанды, - деп жазады Сұрақ-жауап сайты.

Бағдарлама жасаушылардан құралған «Алматы + Астана, КТЛ #1» командасы 200-ден аса бәсекелесінен озып шықты. Турнирдің кестесіне сәйкес, Санжар Бидайбек, Асхат Жалғасов пен Нұрбақыт Мадибек берілген 11 тапсырманың тоғызын шеше алды. Осылайша қазақстандық мектеп оқушылары 1-ші дәрежелі дипломдармен марапатталды. 2-орынды «Интеллектуал + СУНЦ МГУ: Вова спит дома» (Мәскеу) командасы иеленсе, 3-орынды «Бағдарлама жасаушылар мектебі #1» (Мытищи) алды. ЖеңісЕске сала кетейік, осыған дейін Алматыдағы білім-инновация лицейінің оқушылары әлемдік IT-қауымдастықтың тізіміне енген болатын. Әлемнің миллионнан аса бағдарлама жасаушысын біріктіретін HackerRank платформасы университеттердің кодтау бойынша мамандандырылған бағдарлама жасаушыларын дайындаудағы деңгейін анықтап, жоғары оқу орындарының рейтингін жасаған еді.