Жаңалықтар

Чехия тұрғыны жұмысына 7 минутта жеткізетін ұшақ жасап алды

Чехия тұрғыны жұмысына 7 минутта жеткізетін ұшақ жасап алды

Чехиялық слесарь Франтишек Хадрава екі жыл ішінде жұмысына 7 минутта жеткізетін ұшақ жасап алды. Ол бұрын осы аралықты көлікпен 14 минутта жүріп өтетін. Жобаны іске асыру үшін ол 100 мың крон – шамамен 4 мың доллар жұмсаған. Әуе көлігін құрастырып алуға Американың бір моторлы ұшағы негіз болған. Ұшақ бір сағатта 6 литр жанармай шығындайды және сағатына 150 шақырым жылдамдықпен ұшады. Хадрава жұмысына тіке ұшса 4-5 минутта жетуге болатынын айтады. Алайда ол адамдарға кедергі жасамас үшін кей жерлерді айналып өтеді. Бір кемшілігі – ұшақ тек ауа райы ашық күндері ғана әуеге көтеріледі.

Дайындаған Шынар АСАНҚЫЗЫ.