“Мисс Қазақстан 2016” байқауының жеңімпазы анықталды (фото)
“Мисс Қазақстан 2016” байқауының жеңімпазы анықталды (фото)
Қазақстан астанасында Ұлттық «Мисс Қазақстан 2016» байқауының жеңімпазы анықталды. Еліміздің ең сұлу аруы ретінде Гүлбану Әзімханова таңдалды.
Ал Анастасия Усольцева үшінші вице-мисс, Жанар Найманбаева екінші вице-мисс болып таңдалса, бірінші вице-мисс атағы Елназ Нұрсейітоваға бұйырды.
Әділ-қазылар алқасы тәжге үміткер арулардың ішінен сегіз қызды таңдап алды.
Ал еліміздің ең сұлу аруын халық смс дауыс беру арқылы анықтады. Финалистер қатарына кіргендер: Гүлжан Даулетова (Алматы), Елназ Нұрсейітова (Астана), Жанар Найманбаева (Көкшетау), Айткүл Нұрманова (Қостанай), Гүлбану Әзімханова (Қызылорда), Аруна Сағатбекова (Талдықорган), Анастасия Усольцева (Өскемен), Қымбат Бертай (Тараз).
ақпарат көзі: stan.kz