Мәдениет

Азаттықты әнге қосты

Азаттықты әнге қосты

Алаш Орда үкіметінің құрылғанына 100 жыл толуына орай облыстық филармония өнерпаздары көрермен қауымға «Алаштың ақ жолы» атты концерттік бағдарламасын ұсынды. Ел Тәуелсіздігінің 25 жылдық мерейтойы қарсаңында өткен шара облыстық көрме залында ұйымдастырылды. Шара барысында қонақтар көрме залындағы ұлттық болмысымызды, егемендік жылдардағы жарқын жетістіктерімізді бейнелейтін картиналармен танысып, өңірге танымал әншілердің өнерін тамашалады. Атап айтсақ, бұл күні әншілер Рәзия Мәдіханова, Анна Вундер, Сұлужан Әбенова патриоттық әндерді әуелетті. Музейдің көрме залы меңгерушісі Нұрлан Бықыбаев жиналғандарды Тәуелсіздік мерекесімен құттықтап, өнерпаздарға алғыс білдірді.

Жанғазы АХМЕТ, «Ақ жол».