Саясат

БІР АУДАННАН ЕКІ МЫҢ АДАМ ҚАТЫСАДЫ

БІР АУДАННАН ЕКІ МЫҢ АДАМ ҚАТЫСАДЫ

«Астана ЭКСПО-2017» халықаралық көрмесі 2017 жылдың 10 маусымы мен 10 қыркүйегі аралығында өтетіні белгілі. Көрмеге қатысуға 105 мемлекет, 20-ға тарта халықаралық ұйым өтініш білдіріп, оны ресми растап үлгерді. Бүгінде көрмеге қатысушы елдер ұлттық павильондарға бөлініп, тақырып бойынша көрме жабдықтарын орналастыруға кірісті. Төрткіл дүние көз тігіп отырған осынау ауқымды шара қарсаңында ауданда үгіт-насихат науқаны басталды. Халықаралық көрменің ресми туроператоры «Baiterek Trawel Tour» ұйымының көркем безендірілген ақпараттық плакаттары, бүктемелері және басқа да көрнекі үгіт құралдары халық көп шоғырланатын жерлерде, «Нұр Отан» партиясы аудандық филиалы, Бауыржан Момышұлы ауылы әкімдігі, білім бөлімі, халыққа қызмет көрсету орталығы, аурухана және бірқатар кәсіпкерлік нысандары ғимараттарында орналастырылады. Астанаға көрмені тамашалауға ауданнан шамамен екі мың жуалылық барады деп болжануда. Билеттер алдын ала сатылымға шығарылды.

Абылайхан СӘРСЕН, журналист.

Жуалы ауданы.