Жамбылда не жаңалық?

Тараз

Тараз

Лаңкестікке қарсы оқу-жаттығу өтті

Облыстық лаңкестікпен күрес жедел штабы Тараз қаласының аумағында лаңкестікке қарсы оқу-жаттығу өткізді. Жаттығудың шартты атауы – «Тараз-Антитеррор-2016», оның мақсаты – облыстық лаңкестікпен күрес жедел штабы мүшелері мен оның жедел тобы жұмыстарының үйлесімділігін жетілдіру. Жаттығу барысында лаңкестік жасалған орынға жедел штаб күштері мен құралдарын жеткізу, жинау және хабарландыру жүйесінің элементтері тексерілген.