Денсаулық

«Еуразия барысы»: Қазақстан құрамасы финалға шықты

«Еуразия барысы»: Қазақстан құрамасы финалға шықты

АСТАНА. ҚазАқпарат - Алматыда 1 желтоқсан - ҚР Тұңғыш Президенті күніне орай ұйымдастырылып жатқан халықаралық «Еуразия барысы» турнирінде жартылай финалда Грузияны 6:2 есебімен жеңген Қазақстан құрамасы финалға шықты деп, хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі. Грузия балуандары осыған дейін Өзбекстан құрамасын  6:2 есебімен ұтқан болатын. Алайда, жартылай финалда қазақ балуандарына есе жіберіп алды. Тіпті, 100 келіден жоғары салмақтағы белдесуде Айбек Нұғымаровтың қарсыласы күресуден бас тартты. Осылайша Қазақстан құрамасы финалға шықты. Қазір жартылай финалда Моңғолия балуандары Украина балуандарымен сынға түсіп жатыр. Қай жеңгені финалда жерлестерімізбен бас жүлдені сарапқа салады.

ақпарат көзі kazinform.kz