АН-26 әскери ұшағын басқаратын бірінші қазақ қызы Назарбаевқа алғысын білдірді
АН-26 әскери ұшағын басқаратын бірінші қазақ қызы Назарбаевқа алғысын білдірді
АСТАНА. ҚазАқпарат - Бүгін Республикалық жастар форумында АН-26 әскери ұшағын басқаратын бірінші қазақ қызы Ардана Ботай Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевқа алғысын айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат. «Қарулы күштерімізде, құқық қорғау органдарымызда жұмыс істейтін жастарымыз бар. Олардың да істейтін шаруасы ел үшін, халық үшін өте көп. Олардың сапасын көтеру қажет, ел қорғауға үйретуіміз керек. Біздің арамызда мінекей әскери штурман ұшқышы Ардана Ботай отыр. 240 сағат ұшқан. Енді жойғыш ұшақ ұшқышы болғың келе ме?», - деп сұрады Елбасы Ардана Ботайдан. «Мен әскери ұшақ штурвалына отырған бірінші қазақстандық қызбын. Ал ұшаққа Нұрсұлтан Әбішұлы сіз отырғызған едіңіз. Өйткені, Сіздің бастамаңызбен ашылған мемлекеттік авиациялық орталықтың әуесқой ұшқыштар курсын бітірдім. Финляндиядағы ұшқыштар даярлайтын кәсіби мектепті бітіргеннен кейін менің ұлттық гвардиядағы кеме командирінің көмекшісі ретіндегі қызметім басталды. Мен АН-26 әскери ұшағын басқарамын. Отаныма қызмет ету мен үшін зор мәртебе әрі зор жауапкершілік. Қазақстан Республикасына қызмет етемін», - деді Ардана Ботай. Осы ретте Қазақстан Президенті Ардананы көрген талай қазақ қызы ұшқыш болғысы келетіндігін атап өтті.
ақпарат көзі kazinform.kz