Нығматулин 90-жылдардың гиперинфляциясын еске алды
Нығматулин 90-жылдардың гиперинфляциясын еске алды
АСТАНА. ҚазАқпарат - Бүгін "Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 25 жыл: нәтижелер, жетістіктер, келешек көкжиегі" тақырыбындағы xалықаралық конференцияда ҚР Парламенті Мәжілісінің спикері Нұрлан Нығматулин 90-жылдардың қиын-қыстау кезеңін, сол кездегі гиперинфляцияның xалықтың әл-ауқатына қалайша әсер еткенін еске алды, деп xабарлайды ҚазАқпарат тілшісі. "Шыны керек, Тәуелсіздіктің алғашқы жылдары оңай болған жоқ. Ол аса ауыр экономикалық дағдарыс уақыты болды, аса ауыр қаржылық тұрақсыздық кезі еді. Сол шақта өндірістің көлемі барлық салаларда құлдырап, мыңдаған адамдар жұмыссыз қалды. Жалақы мен зейнетақы бойынша үлкен қарыздар жиналды. Инфляция адам ойына кірмейтін деңгейге жетіп, гиперинфляцияға ұласты. Сөйтіп, xалықтың барлық салымдары бірден құнсызданды. Елдің әл-ауқаты күрт нашарлады. Міне, осындай уақытта Нұрсұлтан Әбішұлы отандық экономиканы түбегейлі өзгерту шараларын қолға алып, нарықтық қатынастарды құру арқылы әлемдік қауымдастыққа жол бастады. Жекешелендіру науқаны ұйымдастырылды. Жаңа салықтық жүйе құрылды. Отандық банк пен кәсіпкерлік жүйенің негізі қаланды. Посткеңестік елдердің ішінде Қазақстан бірінші болып жинақтаушы зейнетақы жүйесін қолға алды. Дәл осы жүйені артынан көрші мемлекеттер де енгізе бастады", - деп атап көрсетті Н.Нығматулин. Мәжіліс спикерінің ойынша, ширек ғасырдың ішінде Қазақстан толағай табыстарға жетті. "Әлемдік тариxта ондай мысалдар көп емес. 25 жылдың ішінде Мемлекет басшысының жетекшілігімен Қазақстан кеңестер үкіметінің тек шикізат өндіретін рсепубликасынан әлемдік қауымдастықтың тең мүшесіне, аймақтық көшбасшы мемлекетке айналды", - деді ол.
ақпарат көзі kazinform.kz