Toyota 750 мың автокөлікті қайтарып алады
Toyota 750 мың автокөлікті қайтарып алады
АСТАНА. ҚазАқпарат - АҚШ-та Toyota компаниясы 744 000 Sienna минивэнін қайтарып алатынын жариялады. Қайтарып алуға жылжымалы есігіндегі ақау себеп болған, деп хабарлайды CNBC. Басылымның хабарлауынша, ақаудың болуына байланысты, есіктер көлік қозғалысы кезінде ашылып кетуі мүмкін. Қазіргі уақытта Toyota осы мәселені шешу жолдарын қарастырып жатыр.
ақпарат көзі kazinform.kz